Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту – білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызды негізі екенін үнемі атап келеді. Осы игі бастаманы қолдау мақсатында лагерімізде «Кітаппен өрілген жазғы демалыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бағдарлама аясында бүгін балалар «Отбасы хрестоматиясы» жобасымен танысып, мазмұнды шығармаларды оқыды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін талдап, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты және оқылған туындылар бойынша сұрақтарға жауап берді. Бұл кездесу балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу арқылы ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жазғы демалыстың әр күні балалар үшін тек қызықты демалыс қана емес, сонымен қатар жаңа білім мен рухани құндылықтарға бастар маңызды қадамға айналуда.
Кітап – білімнің кілті, рухани дамудың бастауы. Кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Бірге оқып, бірге дамиық!





