Ұлттық домбыра күніне орай Оқушылар сарайында жас домбырашылар Арсланбек Сұлтанбековтің «Домбыра» күйін ерекше шабытпен орындап, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.

Әрбір шертілген ішек, әрбір әуен – қазақтың кең даласының тынысы, бабалар аманаты мен ұлттық рухтың үні. Жас өнерпаздардың орындауындағы бұл шығарма жүректерге жол тауып, домбыраның мәңгілік құндылық екенін тағы бір дәлелдеді.

Домбыраның қоңыр үні ешқашан үзілмесін, ұлттық өнеріміз жаңа биіктерді бағындыра берсін!